Орфоэпиялық норма: Орфоэпия — Уикипедия – «Орфоэпиялық және орфографиялық нормалар»

Орфоэпия — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты.[1][2]

Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерекше орын апады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немес жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы,

ен-сон-өн, іс-үн, үн т. б. сөздер бір-бірінен дискеретті бірліктер яғни жеке фонемалар ғана емес, сөздің біріңғай жуан немесе жіңішкелігі, езулік-еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.

Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір- бірімен үйлестілігі (ассимиляция) айтылуы: [башшы] басшы, [біссіз] бізсіз, [түңгү) түнгі. б. орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар. Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Мысалы, [ш]-мен с-йлеу: [шаш]—[чаш] емес, [ұш]—[үч] емес, [ж]-мен сөйлеу: [жарқын]—[джарқын] емес, [жақсы]— [джақсы] емес т. б. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілде кездесетін "л" - "д" дыбыстық нұсқ апа- рының маңцай (маңлай диал.) жылқылар (жы- лқыдар диал.) болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.

Қоғамдық өмірде шаршысөз (публичная речь) түрлерінің (театр, кино, радио-телевизия хабарлары т. б.) пайда болып, әлеуметтік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың орнығып, ұлттық сипатқа ие болуын жеделдете түсті. Алайда қатаң дыбыстарды "сындырып", "ұяңдатып" айту нормасы [қолғойды]—[қолқойды] емес, [кәсібодақ]—[кәсіподақ] емес, соңғы жылдарда әсіресе радиотелехабарларда әріп қуалай сөзді қалай жазылса, солай оқу дағдысымен байланысты бұзылып, "қатқылдата" дыбыстау жиі ұшырай бастады. Бұл жай орфоэпия тұрғысынан қазақ сөзінің әуезділігіне нұқсан келтіретін жағымсыз құбылыс, нормадан жөнсіз ауытқу деп табылады.

[3]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. ↑ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
  3. ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

EMLE.KZ

В. И. Ленин идеясының нұрына бөленген қазақ елінің мақтанышы көп. Соның бірі – совет дәуіріндегі тіл майданындағы табыс. Біз қазақ тілін енді кемелденген бай тіл деп те, оның жазу мәдениеті жақсарып, орфографиялық, орфоэпиялық нормалары қалыптасты деп те мақтан ете аламыз.

Қазақ тілінің шарықтап өскен, саяси-әлеуметтік қызметінің барынша ұлғайған кезі Октябрьден кейінгі тарихымен ұштасып жатады. Егер бұрын қазақ тілінде оқып, білім алу, қазақ тілінде газет-журнал, кітаптар шығару қол жете бермейтін арман болса, бұл күнде казақ тілінде білім алу, қазақ тілінде газет-журнал, кітаптар шығару күнделікті іске айналды. Солармен ілесе қазақ тілінің жазу мәдениеті де жылдан-жылға жақсара түсті. Баспасөз партияның қамқорлығы арқасында 1920– 1930 жылдары өзінің материалдық базасын нығайта бастағаннан-ақ, қазақ халқының ана тілінің құдіретті күшіне арқа сүйеп, оны күнделікті жұмысына тиек ететін қазір республикамызда 300-ден астам әр түрлі газет, 16 журнал, мыңдаған кітаптар шығады екен.

Совет тұсындағы баспасөздің әр алуандылығы әдеби тілдің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай туғызды. Бізде мұншалықты бай әдебиет, халыққа көп тараған баспасөз болмаса, әдеби тілдің калпы да бүгінгідей болмас еді. О бастағы әдеби тілдің жастығы қазақ баспасөзіне, әсіресе мерзімді баспасөзге, зор міндеттер жүктеді. Октябрьден кейін шарықтап өскен еліміздің бүгінгісі мен келешегінің қажетті құралы –  қазақ тілі және оның жай-күйін көрсететін баспасөздің күнделікті өміріне қажетті төл жұмысына айналды. Әсіресе алфавит, орфография, терминология сияқты аса маңызды мәселелер алғаш газет-журнал беттерінде жарық көріп, солар арқылы жұртшылықтың талқысына түсіп, дер кезінде шешімін тауып отырды. 1920– 1930 жылдары баспадан шықкан әдебиеттер тілінің сапасы аса жоғары дәрежеде болмағаны белгілі. Кейін орыс графикасына негізделген жаңа алфавитке көшкеннен кейінгі дәуірде, қазақ баспасөзінің тіл мәдениеті жылдан-жылға арта түсіп огыр. Бұл күнде баспасөз жаңа өмірге лайықты жаңа орам, жаңа тіркес тауып, қазақ тіліндегі бар байлықты жүйелі түрде жұмсап, сауаты арта түсті.

Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, әдебиет, өнер халықтың тағы басқа рухани өміріне тіл де қызмет етеді. Оның сол қызметі тіл мәдениетінің дәрежесін арттыруға, тілдік тәсілдердің жетіліп қалыптасуына кең жол ашады. Әсіресе баспасөзде орфографиялық, лекси­ка-грамматикалық нормалар және әдеби тілдің стильдік тармақтары шыңдала түседі. Тіл мәдениеті екі салаға бөлінеді:

1)  баспасөз тілінің мәдениеті, оған жазу мәдениеті;

2)  сөйлеу тілінің мәдениеті, оған орфоэпия –  дұрыс сөйлеу, сөздерді дұрыс айту мәдениеті енеді. Олардың қарым-қатынасы нәтижесінде жазу нормалары баспасөз арқылы қалыптасады. Ал орфоэпиялық нормалар баспасөз және әдеби тілдің сөйлеу тілі арқылы қалыптасады. Сондықтан баспасөз тілі мәдениетінің дәрежесі әдеби тіл нормаларының сапасы мен дәрежесінің өлшемі бола алады. Өйткені баспасөз –  әдеби тіл мәдениетінің айнасы.

Сөйтіп, тіл мәдениеті халықтың жалпы мәдени дәрежесімен, әдеби тілдің қандай белеете екенімен тығыз байланысты. Халықтың жазу мәдениеті, сөйлеу өнері неғұрлым жоғары болса, солғұрлым, сөздердің орфографиялық және орфоэпиялық норма­лары берік те тұрақты болады.

Орфография ережелерін жетілдіру мақсатымен бұрын жазу тәжірибесіне бірнеше өзгерістер енгізілген болатын. Соның бірі қосарлы -ый, -ій әріптеріне бір и әрпімен таңбалау туралы өзгеріс нәтижелі болғаны мәлім. Ол әсіресе жазуды жеңілдетіп, оның мәдениетін жақсартты. Солай етуді тілейтін орфография ережелерінің қайта қарауға болатын мәселелері әлі де жоқ емес. Соның бірі орыс тілінен енген бірқатар сөздердің соңғы дыбыстары к, г, -ге біткенде, оларға жалғанатын қосымшалар кейде жуан, кейде жіңішке қалпында жалғануы жазуда көп қиыншылық туғызып жүр. Енді соларға жалғанатын қосымшалар (кейбір сөздерді қоспағанда) тек жіңішке вариантта жалғанады деп өзгертуді тілейтін сияқты.

Осындай жеңіл-желпі (ресми түрде) өзгерістер енгізуді жазу тәжірибеміз тілеп отырса, әрине, ондайдан бойды аулақ салуға болмайды. Бірақ негізгі жазу ережелері тұрақты болу керек.

Біріккен сөздердің жазылуында да бірізділік жоқ. Бұл жайында әр баспа орны өзінше ереже шығарып жүр. Қазақ CСP Ғылым академиясы Тіл білімі институты шығарған үлкен орфографиялық сөздікте де бұл туралы қайшылық бар. Қазақ жазуында біріккен сөздердің емлесі тиянақталмай-ақ қойды. 1935 жылы жазған бір мақаласында проф.  Қ. Жұбанов біріккен сөздердің жазылуында қате көп кететінін, бұл мәселеде таластың көп екенін сөз еткен болатын[1,265].

Дәл осыны қазір де айтуға болады. Оның басты себебі –  біз біріккен сөздерді емес, олардың ережелерін құбылта береміз. 1940– 1960 жылдары оларды бірге жазу дағдыға айналып, жөнделе бастағанда, кейін бөлек жазуды дәріптеп,

қолғап, жарғанат, есекмия сияқты көптеген біріккен сөздерді қайтадан бөлек жазуды ұсындық. Бұдан не шықты? Бұл тәжірибе өзін-өзі ақтамағанын әркім-ақ байқап жүр. 

Қазақ тілінің нормаларын айырып тану критерийлері туралы айтқандарымызға мысалдар лексика, грамматика, кейде фонетикадан алыңды. Соларға қарап орфографиялық және орфоэпиялық нормалардың оларға қатысы жоқ екен деп түсінбеу керек. Бұлардың да жұмсалуында жүйелілік, жиілік, модельдік болжамдар болады. Солармен қатар ол екеуінің нормалық құрылыстарында елеулі ерекшеліктер бар және олардың өзара байланысы да бар. Мысалы, емле ережелері бойынша дауысты, дауыссыз дыбыс әріптері түбір сөздер мен қосымшалардың түйіскен жерінде ілгерінді, кейінді ықпал заңдарына сәйкес жазылады: қатаңнан кейін –  қатаң, ұяңнан кейін –  ұяң, жіңішке дауыстыдан кейін –  жіңішке, жуан дауыстыдан кейін – жуан дауысты жазылуға тиісті екені орфографиялық ережелер жинағында бірнеше параграфқа бөлініп айтылады (§ 32, 33, 41). Солай жаз деп ережелер ұсынуымыздың негізгі принципі - қазақ тілінде ертеден қалыптасқан дыбыстардың біріне-бірінің әсер етуі нәтижесінде пайда болатын өзгерістер. Бұл орфографиядағы фонетикалық принципті колданудың бір түрі. Сол заңдылықтар ауызекі тілде өмір сүріп келгендіктен, орфографиялық ережелер орфоэпия нормаларына сәйкестендіріліп қабылданған. Сондықтан, мысалы,

таудан, қаладан, терезеден, есіктен деп айтылуы да, солай жазылуы да норма. Бірақ әр уақытта осылай айту (орфоэпиялық), жазу, орфографиялық нормалары өзара үйлесіп, бірлестік-тұтастығын сақтап жұмсала бермейді, екеуі екі бөлек нормалық бағытқа түскендері бар. Мы­салы, дауысты дыбыстардың ерін үндестігі қазақ тілінде қырғыз тіліндегідей елеулі болмайтындықтан, айтуда ол заңдылықтар сақталады да, жазуда ескерілмейді: “төрдө төртөу отүр төрөмін” деп айтылады да, “төрде төртеу отыр төремін” деп жазылады. Екеуі де норма. Не болмаса, завоттан деп дыбыс заңы бойынша айтылады, бірақондай сөздердің түбірін сақтау мақсатымен –  заводтан деп жазамыз. Мұндайда сөздің соңғы дыбысы үяң болма­са, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң, қатан болса–  қатаң болып жазылады деген ереже еленбейді. Немесе
ауызша, сөзшең, қазша
деп жазамыз да, ауышша, сөшшең, қашша деп айтамыз.

Мұндайда орфографиялық ережелер фонетикалық принципке сүйенбейді, ал морфологиялық принцип бойынша –  сөздің түбірін сақтап жазуды норма деп танимыз. Сұршағыз, Болдығыз, Құрманғазы, Жанғабыл, Төрегелді, Есенгелді, Құлагер сияқты күрделі біріккен сөздер арасындағы фонетикалық өзгерістердің жазылуда да сақталуы –  екі талап-талғамның (айтылуы мен жазылуы) түйіскен жері болса, Аманкелді, Ботакөз, Досжан (айтылуы –  Дош- шан), Сәтбаев (айтылуы –  Сәтпаев) сияқтылардың жазылуы айтылуынан алшақ жатыр.

Мұндайдың қайсысы дұрыс? дегенге жауап беруден бұрын “ол екеуінің қай орайда басы түйіседі, қай жерде екі айырылады?” дегенге жауап беру керек. Орфография ережелері бойынша күрделі сөздердің бәрі бірдей бірігіп жазылмайды (мысалы, күрделі сын есім, сан есім, етістіктер). Бірігіп жазылатындары көбінесе, зат есім, есімдік, үстеу сөздер. Күрделі сөздердің бірігіп не бөлек жазылуы, сөз жоқ, олардың орфографиялық нормаларын қалыптастыруға да, ауытқымалы етуге де әсерін тигізеді. Мысалы,

темір жол(железная дорога), теміржолшы(железнодорожник), бес жылдық қор(пятилетный запас), бесжылдық жоспар(пятилетный план), ақ сүйек(белая кость), ақсүйек(игра).

Тілдегі әр уақытта осылардай таразының басы қай жағына ауса, сол нормаға айналып, оп-оңай шешіле бермейді. Қей орайда орфография мен орфоэпия арасында үйлесімі бола бермейтін жайттар да кездеседі. Сондайлар шаң бергенде, “Былай тартсаң, арба сынады, былай тартсаң, өгіз өледі” деуге тура келеді. Ондай қайшылықтың болуын тілдің даму табиғатының ерекшелігімен түсіндіруге тура келеді. Мысалы, әдеби тілдің ерекше күш алып, коммуникативті қызметінің кеңеюі, сөз жоқ, оның лексикалық қорының молаюын керек етеді. Ол үшін тілдің жаңа сөз жасау тәсілдерінің әрекеті күшейді. Мысалы, екі сөзді біріктіріп жаңа сөз жасау бұрын да бар еді. Сөз жасаудың синтетикалык; амалдары сияқты бұл аналитика-синтетикалық сөз жасау тәсілі де қазірде ерекше етек алып кетті. Солардың бірқатары жиі қолданылып, ертеден-ақ нормаға айналып кетсе (жолбарыс, тасбақа, атқүлақ т. б.), сол ізбен бұдан 20– 30 жыл бұрын жасалған күрделі сөздер де сол топты молайтты (шекара, бесжылдық, өнеркәсіп, еңбек күн т. б.). Тіл осындайлармен “қанағаттанып”, “қаңтарылып” тұрып қалмайды ғой. Жаңа сөздер мен сөз тіркестері барлық тіл жұмсаушыларға бірдей сіңімді қалпында жасалмайды.

Жагажай, балмұздақ, бессайыс, келіссөз, арзанқол сияқты сөздердің жұртқа танымал болуы, солай жазылып нормаға айналуы үшін де уақыт керек болды. Соңғы кезде, мерзімді баспасөз бетінде мынандай күрделі тұрақты сөз тіркестері біріктіріліп, жиі жазылатын бол­ды: бозбала, жасөспірім, жанашыр, атүсті, кездейсоқтық, тырнақалды, тісқаққан, атсалысты, еңбексүйгіштік, арзанқол, күретамыр т. б. сияқтылар емле ережесі бойынша, тұрақты тіркестер болғандықтан, бірікпей, әр сөзі бөлек-бөлек жазылуға тиісті болса, баспасөз тәжірибесі мен ол жайындағы ресми ереже арасында елеулі қайшылық бар екені байқалды. Фразалық түйдектердің тек мағыналық тұтастығы ғана емес, олар терминдік ұғымга ие болып, номинативті арнаға түседі. Сондықтан мағына тұтастығы тұрғысынан дүрдараздық, басараздық, ауылшаруашылық т. б. номи- нативті бір бүтін сөздер деп танылып, біріктіріліп жазылады.

Фразалық тіркестердің біразы, әдетте, әрбіреуі сөздің бейнелі, нысаналы баламасы болғандықтан, олардың біртұтас сөз деп танылуы заңды да. Мысалы, тіс қаққан  қу, тісін қайрау— өшігу, көз жұму  елемеу, көз қырын салу  қарасу. Бірақ бұлардың бөлек жазылуы –  олардың біріккен сөз еместігін, тұрақты тіркестер екенін (бірақ сөз тіркестері емес) аңғартса, сонымен қатар осылардың ауыспалы мағыналарын дұрыс ұғынуға себепкер болады. Соның өзінде тұрақты тіркестердің мағына тұтастығы кейде жаңа пайда болған терминдік ұғымдардың баламасы атауышы болатындықтан, баспасөзде олардың біріктіріліп жазылуы дағдыға айналды. Мысалы, қаншіер, жасөспірім, бозбалсі, арамтамақ, тісқаққан. Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” романында атжақты, атқамінер, атқосшы, атсалыс, атүсті, атшабар, атшабыс, атшана, атшаптырым, атышулы сияқты сөздер кездеседі. Оларды автордың саналы түрде біріктіріп жазуы сөздерге жаңа өң, жаңа мән беруді көздегендігін байқатады. Мұндайларды тек емле тұрғысынан танымай, бір лексикалық қатардағы сөздердің тіркестірілетін екінші қатардағы сөздермен бірге біртұтас бүтін сөзге айналуы деп тану керек.

Толық мағыналы сөздердің шылау сөздерге айналуы, күрделі етістіктердің бірігіп, қысқарып, дара етістіктерге айналуы (мы­салы: түрегел, әкел, әпер), жалпы есімнің жалқы есімге айналуы және керісінше – сөздердің коммуникативтік қызмет орайында сірідей сіресіп қатып қалмайтынын, ауыс-түйіс байланысының молдығын көрсетеді. Осы түрғыдан шекарашылар дегеннің аналогиясы бойынша теміржолшылар, бесссайысшылар, қолөнершілер деп жазу орынды. Өйткені, тіл жұмсаушылар бұларды бетбұрыс, кішіпейілдік, бүкілхалықтық, көркемөнерпаздар сияқтыларды біртұтас номинант деп ұғынады. Сөздердің айтылуы мен жазы­луы арасындағы елеулі қайшылық көп орайда олардың нормаларын бұзуға мәжбүр етеді. Жазу нұсқалары кейде жазушының сөздерді айту дағдысымен де байланысты. Оқушы, студент, не белгілі ауыл-аймақ өкілдері орфография ережелерін жетік білмесе, жеке сөздерді өздерінің айтуынша жазып қояды. Кейде соған қарап қай өңірде қандай диалектілік ерекшеліктер бар екенін де бағдарлауға болады. Мысалы, батыс аймақтарда кездесетін жұмыс жасадым, бойлай жұмысқа кешігуші дегендер немесе оңтүстік аймактарындағы жүдә жақсы, ауқат іштік сияқтыларды әдеби нормаға жатқызу қиын.

Әдеби тіл нормаларын сақтап, ресми түрде қабылданған жұртқа ортақ емле ережелерін сақтап жазу — тіл мәдениетінің басты талабының бірі. Егер ол екеуінің арасында қайшылық болса, оны болдырмау әрекеті үшін қабылданған ережелерге әлсін- әлсін өзгерістер, толықтырулар енгізіп отырған жөн.

Орфографиялық нормалардың ғылыми негіздерінің бірі тілдің дыбыс заңдылығы болса, тағы бірі — сөздердің айтылу зандылығы. Егер сөздердің жазылуы орфоэпиялық нормалардың қалыптасуына себепкер болатын болса, онда ол екеуінің қарым-қатынасының берік болғандығы. Мерзімді баспасөзде “Жазушының көптомдығы”, “бүкілодақтық көркемөнерпаздар үйірмесінің байқауы” деп айту, жазу қазір нормаға айналды.

Осындағы көптомдығы, бүкілодақтық, көркемөнерпаздар сөзде- рінің құрамындағы жеке сөздердің бірігуіне орыс тілі арқылы енген жаңа ұғымдар түрткі болса, екінші жағынан дәл солардай болмағанмен, тілімізге бұрыннан келе жатқан осындай модельдер себеп болды: (жарқанат, жолбарыс, бүгін т. б.). Сол модельдер бойынша жасалған жаңа сөздердің тұр-тұрпаты әдеби тілдің ілгері дамуына үйлесіп, оның іргесі әлдеқайда кеңейгендігіне мыналар дәлел бола алады: өнеркәсіп, көркемөнер, өмірбаян, келіссөз, көркемөнерпаздар, бүкілодақтық, халықаралық, ауданаралық, табиғаттану, Абайтану, жағажай, балмұздақ, көкөніс, қолтаңба т. б. Мұндайлар– орфография ережелеріндегі (§ 29) бірігіп “жазылып дағдыға айналған”, солай жазылып “қалыптасқан” дегендерден тыс пайда болған қолдан жасалған жаңа сөздер. Тіл дамуында жаңа жасанды сөздердің болуы қаншалықты табиғи болса, екі сөзді біріктіріп жаңа сөз жасау соншалықты табиғи, тіл дамуының, адамдардың ой-өрісінің кеңеюінің бір көрінісі.

Сондықтан олар белгілі сөздермен шектелмейді. Нормаланған сөздермен қатар әлі де нормалана қоймаған жаңа сөздердің де бо­луы заңды.

“Қазақ әдебиеті” газетінің беттерінен мынандай сөздерді кездестіреміз: желсөзділік, бойкүйездік, кеудемсоқтық, есерсоқтық, жанашыр, бірсыдырғы, ақжарқын, кішіпейіл, көркемөнерпаздар, киносаяхатшылар т. б. бұлардың көбі орфографиялық және басқа да сөздіктерде біріккен сөз ретінде аталмайды, аталса, бөлшектеніп бөлек жазылады. Соған қарағанда, бірқатар біріккен сөздердің жазылуында жалпыға бірдей ортақ норма болмауы да ықтимал.

Күрделі сөздердің бәрін бірдей біріккен сөздер деп біріктіріп жаза беруге болмайды Олардың бірқатары емле ережелері бойын­ша бөлек жазылады.

Бір бүтін, біртұтас болып сомдалғандарын тұтасқан күрделі деп, алшақ күрделенгендерін күрделі деп айырамыз.

Соңғыға темір жол, қант қызылшасы, балалар бақшасы, ақ қайың, бас жіп, уық бау, қара көк, ақ құба деген сияқты түйдекті тіркестер енеді. Бұлардың бөлек жазылуы да шартты. Орфогра­фия лық ережелерде, сөздіктерде темір жол, қара көк бөлек жазы­лады деп көрсетілген, оның себебі mac жол, асфальт жолсияқты темір жол да, қара қасқа, ала жіп, қара көк сияқтылар бір беткей, бөлек жазылсын деген шарт бойынша жазылып жүр. Сондықтан олар “ұласқан тіркес” құрамына енгізіліп отыр. Ал номинативтік дәреже тұрғысынан қарағанда, темір жол, темір жолшы бірігіп жазылуға тиісті. Кейбіреулер ұласқан тіркестерді тұтасқан сөз деп танып, біріктіріп жазып қоюға дайын тұрады. Керісінше, кейде біріктіріп жазылуға тиісті сөздерді бөліп жазып қоятындар да кездеседі.

Жазудағы мұндай ала-құлалық басқа түркі тілдерінде біздегіден де жиі ұшырайды. Сол қиыншылықтан қашып, кейбір тюркологтар күрделі сөздерді бөлек жазу арқылы (айырым) таңбалауды принципке айналдырғысы келеді. Әдеби тілдердегі жаңа сөз жасау тасқыны оған бой беретін емес. Бұл процесс мәселені әбден зерттеп алғанша, оларды бөлек жаза тұрайық дегенге де қарайтын емес. Өзбек, азербайжан, түркімен, қазақ тілдерінің бүл жайын- дағы бағыты — әбден сараланған, дүрыс бағыт. Олар сөздерді біріктіріп жазу арқылы жаңа пайда болған ұғымдарға лайық жаңа сөз жасауға кең жол ашып отыр. Бұл әуесқойлық орыс тілі жазуына еліктеу емес, бір есептен, орыс тілінің игілікті әсерімен әдеби тіл- дің сөз байлығын молайту қамы.

Бізде біріккен сездерді бөліп жазуды жақтайтын, соны уағыз- дайтын ғалымдар бар. Бірақ олардың ешқайсысы тілдік өмірде кең қанат жайып жаткан ол ағымға қарсы мақала да жазған емес. Ал күрделі сөздердің тиімділерін біртұтас етіп біріктіріп жазуды құптап жазылған мақалалар сан алуан. Мысалы, “Социалистік Қазақстан”, “Қазақ әдебиеті” газеттерінде жарияланған (М. Балақаев, К. Аханов/ Қ. Есенов, Б. Қалиев, М. Жантикин т. б.) мақалаларда және орфографиялық, тағы басқа сөздіктерде, газет- журнал, кітап беттеріндегі екі сөзді біріктіріп жаңа сөз жасауға, солай жазуға ерекше мән беріледі. Бұл –  әдеби тіліміздің өрге даму талабына үйлесімді әрекет болып отыр.

Грамматикалық құрылыстардың жүйелі нормалары халық тілінің табиғатында бар нәрсе. Әдеби тіл соларды қабылдай отырып, онда кездесетін ала-құлалықты болдырмау үшін жарыспалы түлғалардың көпшілікке ортақ, әдеби тіл заңдылықтарына үйлесімді дегендерін ғана талғап алады. Мысалы, баратын баратұғын, келейік келелік, келелі, жұмысшы  жұмыскер, социалистік  социалды дегендердің соңғы варианттары тілде кездескенмен, олар әдеби норма деп танылмайды.

Осылар сияқты нормадан ауытқулар қазақ тілінің синтаксистік құрылысында да бар. Мысалы, ол қаладан келе жатыр  келе жатыр ол қаладан, ол келе жатыр қаладан, келе жатыр қаладан ол т. б.

Синтаксистік құрылыста бұрыннан бар сөздерді байланыстыру тәсілін әдеби тілде керегіне қарай басқа тәсілмен алмастыруға да болады. Мысалы, ілік жалғауынан сөздердің шиыршықтанып матаса байланысуы бұрыннан бар. Бірақ олардың анықтауыштық құрамы жеңіл-желпі кезінде ілік жалғауын түсіріп айтудың пәлендей қажеті болмады (ағаштың бұтағының жапырағы, Қазақтың мал-дәрігерлік институтының ректорының кабинеті), кейін ондай тіркестер әдеби тілде жиі қолданылатын болған кезде, тіркес шұбалаңқылығын, ықшамдау мақсатымен ілік септігін түсіріп айту нормаға айналды. Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институ­тығылыми секретари.

Орфография –  тіл мәдениетінің аса маңызды мәселесінің бірі. Бірақ ол көп жылдар бойы ерекше зерттеу объектісі болма­ды. 1930 жылдардан кейін сөздердің дұрыс айтылуы бізде орфографиялық ережелермен байланысты қаралып келсе, 1965 жылғы “Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері” деген кітапта, 1966 жылғы М. Дүйсебаеваның “Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының негізгі мәселелері” деген кандидаттық диссертациясында және 1972 жылғы “Тіл мәдениеті және баспасөз” деген жинақтағы Қ. Неталиеваның мақаласында (“Орфоэпия нормалары туралы”) бұл мәселе бірсыпыра дұрыс бағытта зерттелген болатын. Солардың бәрі тіл мәдениетінің аса бір маңызды мәселелерін зерттеудегі игілікті бастама деуге болады.

Пайдаланған әдебиет

1.  Жұбанов Қ. Исследования по казахскому языку. Алма-Ата, 1966, с. 265.

Балақаев М.Б.

«Қазақ әдеби тілі»- Алматы, 2007.- 430-438 б.

Орфоэпиялық норма жəне ырғақтық топтар

Орфоэпиялық норма жəне ырғақтық топтар

Əдеби тілдің ауызша жəне жазбаша түрі мен нормалары əсіресе соңғы жылдары ауызша сөздің нормалары мен жазба сөздің нормаларын шатастыру, дыбысталған сөз бен жазба сөздің ара жігін ажырата алмай, əдеби тіл нормасын бұзу теле-радиодан естілер сөзде жиілеп кетті.

Кейде бұл тұста мектеп бағдарламасындағы ережені еске түсіруге мəжбүр боламыз. Көп ретте сөздің жазылу нормасы мен айтылу нормасы сəйкес келе бермейді, салыстырыңыз: жазылуда ақ отау, айтылуда [ағотау]; жазылуда шекара, айтылуда [шегара]; жазылуда қонақасы, айтылуда [конағасы]; жазылуда дөңбек, айтылуда [дөңбөк]; жазылуда көзсіз, айтылуда [көссүз].

Ауызша сөздің интонациялық ерекшеліктерін, кідіріс, сөз ырғағы мен бунақтарын сақтап, оларды орын-орнына қойып айту орфоэпиялық норманың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Құрылымына, əуездік құрылымына қатысты мұндай шарттылық бұзылса, айтылған сөзді дұрыс ұғыну мүмкін болмай қалады. Айтылар ойдың айқын‚ түсінікті‚ көңілге қонымды құлаққа жағымды болуы көбіне бунақ екпінінің дұрыс қойылуына тікелей байланысты болса‚ екінші жағынан олардың (ырғақ‚ екпін) өзі айтылар ойға‚ мағынаға тəуелді екенін ескеру қажет.

Мəселен‚ сөз құрамы бірдей мына тіркестерді екі түрлі ырғақпен (екпінмен) айтып‚ екі түрлі түсінуге болады: қазағжерін сағынды – қазақ жерінсағынад, қонағүйгө кірді – қонақ үйгөгірді, ташшолға төселді – тас жолғатөселді, үйгүшіктің мекені – үй күшүктүңмекені, ағашүйдө ғой – ағаш үйдөғой, теміртəртіпті сақтады – Темір тəртіптісақтады жəне т.б.

Мұндай тіркестерді кідіріссіз айтсаңыз бір мағына, кідіріспен айтсаңыз басқаша мəнге ие болады. Кідіріспен кідірістің арасы бунақ, яғни ырғақтық топ болады. Кідіріс дұрыс қойылмаған жағдайда сөздердің байланыс реті бұзылады да‚ тіл табиғи жарасымынан айырылады‚ құлаққа оғаш естіледі‚ əрбірден соң айтылған пікір көмескіленіп‚ кейде түсінікке ауыр болып кетеді. Мəселен‚ бір бунаққа енетін мынадай тіркестердің басқы сөзін бөліп айтып көрейік: ташшүрөгеді – тас жүрөгеді, таскененігөрді– тас кененігөрдү, тауешкігежолұқтұ – тау ешкігежолұқтұ, баспармақсызғалды  – бас бармақсызғалды, жаңғалтағасалды – жан қалтағасалды, ағашқасықтыұстады – ағаш қасықтыұстады. 

Орфоэпиялық сөздік — Уикипедия

Орфоэпиялық сөздік - сөздің орфоэпиялық түрін, яғни оның қазіргі әдеби айтылуын және екпінін қамтып көрсететін сөздік. Қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасының қалыптасуына негіз болған онын бай ауыз әдебиеті. [1]

Қазақ тілінде сөздер қалай жазылса, солай оқыла бермейді. Көп ретте оларды қалыптасқап орфоэпиялық жүйеге келтіріп сөйлеуді талап етеді. Бүгінгі әдеби тілдің айтылу нормасы сахна өнерінде, мектептерде, біреумен біреу ауызекі сөйлеген сөзде, күнделікті радио мен хабарларында, сонымен қатар көпшілікке оқылатын лекцияларда айқын байқалады. Сөздің қалай жазылуы мен қалай айтылуы бір-біріне ықпал етіп отырады. Сөйлеу тілінін өзіндік ерекшелігі болады. Сөзді сөйлегенде сөйлеу тілінің қалыптасқан жүйесіне салып айтпаса, тыңдаушыға онша әсер етпейді. Мәселен, "өлім аузынан қалды" дегенді - "өлүм аузынан ғалды" деп, "өгіз аяң" дегенді - "өгүз аяң", "өзен бойы" дегенді - "өзен бойу", "өкіл күйеу" дегенді - "өкүл гүйөу", "өкпесі өшу" дегенді "өкпөсі өшүу", "өкінбеу" дегенді - "өкүмбеу" деп айтпаса, сәйлеу тілінің қалыпты нормасы бұзылар еді. Сол сияқты, "көз жұму", "көз көрген", "көз сүйек", "көз тию", "көз тою", "көз шүқу", "ак жүрек", "ак изен", "ала көңіл" тәрізді тұрақты тіркестерді "көж жүму", "көз гөргөн", "көс сүйек", "көз тійу", "көз тойұу", "көш шүқұу", "ағ жүрөк", "ағ ійзен", "ала гөңүл" дегенде ғана құлаққа жағымды тиеді.

Сөздікке жазылуы мен айтылуы арасында айырмашылығы бар деген түбір мен туынды сөздер, сөз тіркестері мен қосымша жалғағанда өзгеріске ұшырайтын тұлғалар алынған. Сөздер екі қатарға тізілген. Бірінші катарда казак әдеби тілінің емле-ережесі бойынша жазылуы, екіншісінде әдеби норма бойынша айтылуы көрсетілген. Мысалы:

Қазақ әдеби тілінің емле-ережесі

бойынша жазылуы

Әдеби норма бойынша айтылуы
азық-түлік азық-түлүк
ала-кұла ала-ғұла
алма-кезек алма-гезек
әкетай-көкетай әкетай-гөгетай
бозшғылттану бозғұлттану
бөленту бөләнду
вагонга багоңға
горнға горңға
дүрбелең дүрбөлең
дурсе қоя берді дүрса ғоя береді
егіс жер егіш шер
жұлысу жұлұсу
құнсыз құнсұз

Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу нормалары көрсететін практикалық құрал ретінде Қ. Неталиева-ның “Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі” 1977 жылы жарық көрді. Сөздікке тәжірибеде жиірек бұзылып айтылып жүрген 15 мыңга жуық сөздер мен сөз тіркестері енген. Автор емле-ережесі бойынша жазылған сөздерді қалыптасқан әдеби тіл орфоэпиялық нормасына сәйкесті оқу, айтуды негізгі принцип етіп ұстаған. Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу заңдылықтары үндестік зандылықтарына негізделетіндігі айтылған. Яғни сөйлеу процесінде сөз бен сөздің, дыбыс пен дыбыстың, түбір мен қосымшаның, буын мен буынның аралығында болатын құбылыстар сөздікке арқау болған.

1981 жылы М. Дүйсебаеваның “Қазақ тілінің кысқаша орфоэпиялық сөздігі” басылып шықты. Бұған күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын бес мыңға жуык, сөздер қамтылган. Аталған сөздіктің бір ерекшелігі - мұнда сөз басында келетін о, ө дыбыстарының алдынан у (уолжа, уөрнек), е дыбысынын алдынан и (иегіз, иекі), р, л дыбыстар-ының алдынан ы, і (ырабайсыз, ылаж, іләззат)дыбыстарының бірі қосылып айтыла-тындығы жакша ішіне алынып берілген. Мұның өзі алдыңгы шыққан сөздікті жаңартып толыктыра түскендігін көрсетеді. Автор бұл еңбегінде сөйлеген кезде сөз ішіндегі, сөз аралығындағы іргелес, шектес (көршілес) дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, үндесу заңдылықтары: қатаң дыбыстардың ұяңдануы, езулік дыбыстардың еріндікке айналуы, жіктік жалғауыиын ықшамдалып айтылуы, қатар келген дауысты дыбыстардың сусып түсіп қалуы, ортаңғы буындағы қысаң дыбыстардың (ы, і) айтылмай қалуы сияқты зандылықтарды жүйелеп дәлелдей түскен Айта кететін бір жайт казақ тілінің орфоэпиясын зерттеушілері орыс тілі аркылы енген қыруар кірме сөздердің жазылуы мен айтылуы бәрі нақ орыс тіліндегідей деп бір жақты пікір айтып жүр Терсңірек үңіле карасак, бұлардың ішінде де өзгеріп айтылатындары табылатындығы сөзсіз. Мәселен, көп томдык “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” әгент, әдіріс, әдиял, әптек, бөшке, нөмір, учаске, кәнки, кәмпеске, калөш, кәрәсін, кәртішке, кінәз тәрізді қыруар орыс сөздерінің сөйлеу тіліндегі варианттары қоса камтылып берілуі бұл айтылғандарга толық айғак болады. Олай болса, кірме сөздердің орфоэпиясы әлі күнге ғылыми тұрғыдан терсң зерттелмегендігін дәлелдейді.

Осы аталғандардан басқа Қазақстанның жер-су атаулары мен кісі аттарының қысқаша сөздіктері (алғашқысы орысша, соңғысы екі тілде) басылып шықты. Сол сияқты

  • "Қазақ тілінің кері алфавитті сөздігі" (1970),
  • "Куманша-казақша жиілік сөздік" (1978),
  • М. Әуезовтың “Абай жолы” романының жиілік сөздігі (1979),
  • "Қазақ тексінің статистикасы" (1973) атты сөздіктер де жарық көрді.

Өскелең өмір талабына сай олі де сан қилы линг-вистикалық сөздіктер жасала бермек[2][3].

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
  2. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  3. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3

Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар

Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар

Орфография –  тіл мәдениетінің аса маңызды мәселесінің бірі. Бірақ ол көп жылдар бойы ерекше зерттеу объектісі болма­ды. 1930 жылдардан кейін сөздердің дұрыс айтылуы бізде орфографиялық ережелермен байланысты қаралып келсе, 1965 жылғы “Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері” деген кітапта, 1966 жылғы М. Дүйсебаеваның “Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының негізгі мәселелері” деген кандидаттық диссертациясында және 1972 жылғы “Тіл мәдениеті және баспасөз” деген жинақтағы Қ. Неталиеваның мақаласында (“Орфоэпия нормалары туралы”) бұл мәселе бірсыпыра дұрыс бағытта зерттелген болатын. Солардың бәрі тіл мәдениетінің аса бір маңызды мәселелерін зерттеудегі игілікті бастама деуге болады.

Орфография ережелерін жетілдіру мақсатымен бұрын жазу тәжірибесіне бірнеше өзгерістер енгізілген болатын. Соның бірі қосарлы -ый, -ій әріптеріне бір и әрпімен таңбалау туралы өзгеріс нәтижелі болғаны мәлім. Ол әсіресе жазуды жеңілдетіп, оның мәдениетін жақсартты. Солай етуді тілейтін орфография ережелерінің қайта қарауға болатын мәселелері әлі де жоқ емес. Соның бірі орыс тілінен енген бірқатар сөздердің соңғы дыбыстары к, г, -ге біткенде, оларға жалғанатын қосымшалар кейде жуан, кейде жіңішке қалпында жалғануы жазуда көп қиыншылық туғызып жүр. Енді соларға жалғанатын қосымшалар (кейбір сөздерді қоспағанда) тек жіңішке вариантта жалғанады деп өзгертуді тілейтін сияқты.

Қазақ тілінің нормаларын айырып тану критерийлері туралы айтқандарымызға мысалдар лексика, грамматика, кейде фонетикадан алыңды. Соларға қарап орфографиялық және орфоэпиялық нормалардың оларға қатысы жоқ екен деп түсінбеу керек. Бұлардың да жұмсалуында жүйелілік, жиілік, модельдік болжамдар болады. Солармен қатар ол екеуінің нормалық құрылыстарында елеулі ерекшеліктер бар және олардың өзара байланысы да бар. Мысалы, емле ережелері бойынша дауысты, дауыссыз дыбыс әріптері түбір сөздер мен қосымшалардың түйіскен жерінде ілгерінді, кейінді ықпал заңдарына сәйкес жазылады: қатаңнан кейін –  қатаң, ұяңнан кейін –  ұяң, жіңішке дауыстыдан кейін –  жіңішке, жуан дауыстыдан кейін – жуан дауысты жазылуға тиісті екені орфографиялық ережелер жинағында бірнеше параграфқа бөлініп айтылады (§ 32, 33, 41). Солай жаз деп ережелер ұсынуымыздың негізгі принципі - қазақ тілінде ертеден қалыптасқан дыбыстардың біріне-бірінің әсер етуі нәтижесінде пайда болатын өзгерістер. Бұл орфографиядағы фонетикалық принципті колданудың бір түрі. Сол заңдылықтар ауызекі тілде өмір сүріп келгендіктен, орфографиялық ережелер орфоэпия нормаларына сәйкестендіріліп қабылданған. Сондықтан, мысалы, таудан, қаладан, терезеден, есіктен деп айтылуы да, солай жазылуы да норма. Бірақ әр уақытта осылай айту (орфоэпиялық), жазу, орфографиялық нормалары өзара үйлесіп, бірлестік-тұтастығын сақтап жұмсала бермейді, екеуі екі бөлек нормалық бағытқа түскендері бар. Мы­салы, дауысты дыбыстардың ерін үндестігі қазақ тілінде қырғыз тіліндегідей елеулі болмайтындықтан, айтуда ол заңдылықтар сақталады да, жазуда ескерілмейді: “төрдө төртөу отүр төрөмін” деп айтылады да, “төрде төртеу отыр төремін” деп жазылады. Екеуі де норма. Не болмаса, завоттан деп дыбыс заңы бойынша айтылады, бірақондай сөздердің түбірін сақтау мақсатымен –  заводтан деп жазамыз. Мұндайда сөздің соңғы дыбысы үяң болма­са, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң, қатан болса–  қатаң болып жазылады деген ереже еленбейді. Немесе ауызша, сөзшең, қазша деп жазамыз да, ауышша, сөшшең, қашша деп айтамыз.

Мұндайда орфографиялық ережелер фонетикалық принципке сүйенбейді, ал морфологиялық принцип бойынша –  сөздің түбірін сақтап жазуды норма деп танимыз. Сұршағыз, Болдығыз, Құрманғазы, Жанғабыл, Төрегелді, Есенгелді, Құлагер сияқты күрделі біріккен сөздер арасындағы фонетикалық өзгерістердің жазылуда да сақталуы –  екі талап-талғамның (айтылуы мен жазылуы) түйіскен жері болса, Аманкелді, Ботакөз, Досжан (айтылуы –  Дош- шан), Сәтбаев (айтылуы –  Сәтпаев) сияқтылардың жазылуы айтылуынан алшақ жатыр.

Мұндайдың қайсысы дұрыс? дегенге жауап беруден бұрын “ол екеуінің қай орайда басы түйіседі, қай жерде екі айырылады?” дегенге жауап беру керек. Орфография ережелері бойынша күрделі сөздердің бәрі бірдей бірігіп жазылмайды (мысалы, күрделі сын есім, сан есім, етістіктер). Бірігіп жазылатындары көбінесе, зат есім, есімдік, үстеу сөздер. Күрделі сөздердің бірігіп не бөлек жазылуы, сөз жоқ, олардың орфографиялық нормаларын қалыптастыруға да, ауытқымалы етуге де әсерін тигізеді. Мысалы, темір жол(железная дорога), теміржолшы(железнодорожник), бес жылдық қор(пятилетный запас), бесжылдық жоспар(пятилетный план), ақ сүйек(белая кость), ақсүйек(игра).

Фразалық тіркестердің біразы, әдетте, әрбіреуі сөздің бейнелі, нысаналы баламасы болғандықтан, олардың біртұтас сөз деп танылуы заңды да. Мысалы, тіс қаққан –  қу, тісін қайрау– — өшігу, көз жұму –  елемеу, көз қырын салу –  қарасу. Бірақ бұлардың бөлек жазылуы –  олардың біріккен сөз еместігін, тұрақты тіркестер екенін (бірақ сөз тіркестері емес) аңғартса, сонымен қатар осылардың ауыспалы мағыналарын дұрыс ұғынуға себепкер болады. Соның өзінде тұрақты тіркестердің мағына тұтастығы кейде жаңа пайда болған терминдік ұғымдардың баламасы атауышы болатындықтан, баспасөзде олардың біріктіріліп жазылуы дағдыға айналды. Мысалы, қаншіер, жасөспірім, бозбалсі, арамтамақ, тісқаққан. Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” романында атжақты, атқамінер, атқосшыатсалыс, атүсті, атшабар, атшабыс, атшана, атшаптырым, атышулы сияқты сөздер кездеседі. Оларды автордың саналы түрде біріктіріп жазуы сөздерге жаңа өң, жаңа мән беруді көздегендігін байқатады. Мұндайларды тек емле тұрғысынан танымай, бір лексикалық қатардағы сөздердің тіркестірілетін екінші қатардағы сөздермен бірге біртұтас бүтін сөзге айналуы деп тану керек.

Толық мағыналы сөздердің шылау сөздерге айналуы, күрделі етістіктердің бірігіп, қысқарып, дара етістіктерге айналуы (мы­салы: түрегел, әкел, әпер), жалпы есімнің жалқы есімге айналуы және керісінше – сөздердің коммуникативтік қызмет орайында сірідей сіресіп қатып қалмайтынын, ауыс-түйіс байланысының молдығын көрсетеді. Осы түрғыдан шекарашылар дегеннің аналогиясы бойынша теміржолшылар, бесссайысшылар, қолөнершілер деп жазу орынды. Өйткені, тіл жұмсаушылар бұларды бетбұрыс, кішіпейілдік, бүкілхалықтық, көркемөнерпаздар сияқтыларды біртұтас номинант деп ұғынады. Сөздердің айтылуы мен жазы­луы арасындағы елеулі қайшылық көп орайда олардың нормаларын бұзуға мәжбүр етеді. Жазу нұсқалары кейде жазушының сөздерді айту дағдысымен де байланысты. Оқушы, студент, не белгілі ауыл-аймақ өкілдері орфография ережелерін жетік білмесе, жеке сөздерді өздерінің айтуынша жазып қояды. Кейде соған қарап қай өңірде қандай диалектілік ерекшеліктер бар екенін де бағдарлауға болады. Мысалы, батыс аймақтарда кездесетін жұмыс жасадым, бойлай жұмысқа кешігуші дегендер немесе оңтүстік аймактарындағы жүдә жақсыауқат іштік сияқтыларды әдеби нормаға жатқызу қиын.

Әдеби тіл нормаларын сақтап, ресми түрде қабылданған жұртқа ортақ емле ережелерін сақтап жазу — тіл мәдениетінің басты талабының бірі. Егер ол екеуінің арасында қайшылық болса, оны болдырмау әрекеті үшін қабылданған ережелерге әлсін- әлсін өзгерістер, толықтырулар енгізіп отырған жөн.

Орфографиялық нормалардың ғылыми негіздерінің бірі тілдің дыбыс заңдылығы болса, тағы бірі — сөздердің айтылу зандылығы. Егер сөздердің жазылуы орфоэпиялық нормалардың қалыптасуына себепкер болатын болса, онда ол екеуінің қарым-қатынасының берік болғандығы. Мерзімді баспасөзде “Жазушының көптомдығы”, “бүкілодақтық көркемөнерпаздар үйірмесінің байқауы” деп айту, жазу қазір нормаға айналды.

Осындағы көптомдығы, бүкілодақтық, көркемөнерпаздар сөзде- рінің құрамындағы жеке сөздердің бірігуіне орыс тілі арқылы енген жаңа ұғымдар түрткі болса, екінші жағынан дәл солардай болмағанмен, тілімізге бұрыннан келе жатқан осындай модельдер себеп болды: (жарқанат, жолбарыс, бүгін т. б.). Сол модельдер бойынша жасалған жаңа сөздердің тұр-тұрпаты әдеби тілдің ілгері дамуына үйлесіп, оның іргесі әлдеқайда кеңейгендігіне мыналар дәлел бола алады: өнеркәсіп, көркемөнер, өмірбаян, келіссөз, көркемөнерпаздар, бүкілодақтық, халықаралық, ауданаралық, табиғаттану, Абайтану, жағажай, балмұздақ, көкөніс, қолтаңба т. б. Мұндайлар– орфография ережелеріндегі (§ 29) бірігіп “жазылып дағдыға айналған”, солай жазылып “қалыптасқан” дегендерден тыс пайда болған қолдан жасалған жаңа сөздер. Тіл дамуында жаңа жасанды сөздердің болуы қаншалықты табиғи болса, екі сөзді біріктіріп жаңа сөз жасау соншалықты табиғи, тіл дамуының, адамдардың ой-өрісінің кеңеюінің бір көрінісі.

Сондықтан олар белгілі сөздермен шектелмейді. Нормаланған сөздермен қатар әлі де нормалана қоймаған жаңа сөздердің де бо­луы заңды.Күрделі сөздердің бәрін бірдей біріккен сөздер деп біріктіріп жаза беруге болмайды.

Соңғыға темір жол, қант қызылшасы, балалар бақшасы, ақ қайың, бас жіп, уық бау, қара көк, ақ құба деген сияқты түйдекті тіркестер енеді. Бұлардың бөлек жазылуы да шартты. Орфогра­фия лық ережелерде, сөздіктерде темір жол, қара көк бөлек жазы­лады деп көрсетілген, оның себебі mac жол, асфальт жолсияқты темір жол да, қара қасқа, ала жіп, қара көк сияқтылар бір беткей, бөлек жазылсын деген шарт бойынша жазылып жүр. Сондықтан олар “ұласқан тіркес” құрамына енгізіліп отыр. Ал номинативтік дәреже тұрғысынан қарағанда, темір жол, темір жолшы бірігіп жазылуға тиісті. Кейбіреулер ұласқан тіркестерді тұтасқан сөз деп танып, біріктіріп жазып қоюға дайын тұрады. Керісінше, кейде біріктіріп жазылуға тиісті сөздерді бөліп жазып қоятындар да кездеседі.

Жазудағы мұндай ала-құлалық басқа түркі тілдерінде біздегіден де жиі ұшырайды. Сол қиыншылықтан қашып, кейбір тюркологтар күрделі сөздерді бөлек жазу арқылы (айырым) таңбалауды принципке айналдырғысы келеді. Әдеби тілдердегі жаңа сөз жасау тасқыны оған бой беретін емес. Бұл процесс мәселені әбден зерттеп алғанша, оларды бөлек жаза тұрайық дегенге де қарайтын емес. Өзбек, азербайжан, түркімен, қазақ тілдерінің бүл жайын- дағы бағыты — әбден сараланған, дүрыс бағыт. Олар сөздерді біріктіріп жазу арқылы жаңа пайда болған ұғымдарға лайық жаңа сөз жасауға кең жол ашып отыр. Бұл әуесқойлық орыс тілі жазуына еліктеу емес, бір есептен, орыс тілінің игілікті әсерімен әдеби тіл- дің сөз байлығын молайту қамы.

Орфография және орфоэпия 5-сынып

Қазақ тілі 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Орфография мен орфоэпия
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың грамматикадан оқып, үйренген ережелерін ойындар арқылы қайталап бекіте түсу. Сөздердің айтылу және жазылу нормаларымен таныстыру, мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу.
Дамытушылық: Жауапты тез таптырып, тапқырлыққа дағдыландыру. Жаттығу жұмыстары арқылы мағынаны таныту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Тіл дамыту жұмыстарын жүйелі әрі қызықты етіп ұйымдастырудың тиімділігін сезіндіру, ұқыпты, таза сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу; оқушыларды түгендеу;
б) оқушының назарларын сабаққа аудару.
в ) психологиялық сәт
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Балалығым, бақытым, қазақ тілім - дей келе сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Семантикалық картамен жұмыс.
Сөз---дауысты---жуан---жіңішке---ашық--- қысаң---еріндік---езулік---дауыссыз--- қатаң---ұяң --- үнді
Б
ұ
л
а
қ
2. Венн диаграммасынн толтыру.
Дауысты дыбыстар ------------ Дауыссыз дыбыстар

3. «Кәсіподақ» сөзінің дауысты дыбыстарына математикалық тәсілмен талдау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Түсіндірме диктант.
Көкжиек, торы ала ат, жұлдыз, құндыз, Жанқожа, шекара, Жанболат, Бөгенбай, Жанпейіс, қара ағаш, қанды ағаш.


ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОЭПИЯ
Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.
Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.
Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу заңдылығы
Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір - біріне үндесіп айтылуы керек.

Ілгерінді ықпал
Жазылуы ----------- айтылуы
Көрікбай ------------ Көрікпай
Көк гүл -------------- Көк күл
Қас жау ------------- Қаш жау
Ашса ----------------- Ашша
Ішсе ------------------ Ішше
Қашса --------------- Қашша
Ала көз ------------- Ала гөз
Алып бер ---------- Алып пер
Тоқ бала ------------- Тоқ пала
Кейінді ықпал
; азылуы ------------- айтылуы
Жанболат ------------ Жамболат
Кек алу --------------- Кег алу
Қара ала ------------- Қарала
Сақ адам ------------ Сағ адам
Он бес ---------------- Ом бес
Есенбай -------------- Есембай
Көп бала ------------- Көп пала
Тоқ екен ------------- Тоғ екен

Жаттығу жұмыстары
338 - жаттығу.
Бозша торғай – бошша торғай
Бозшағыл – бошшағыл
Бой алдыру – бойалдыру
Бой түзету – бойтүзету
Бойкүйездік – бойкүйестік
Жүріскер – жүрісгер
Жүрек айну – жүрег айну
Қаз табан – қас табан
Қайнар көз – қайнар гөз
Қайнар бұлақ – қайнар бұлағ
Қайтара айту - қайтарайту
Сап болу – сап полу
Сарала қаз – сарала ғаз

339 - жаттығу.
Жылан гөз - Жылан көз
Жыланғұрт - Жыланқұрт
Қайқаяқ – Қайқы аяқ
Қайран ғалу - Қайран қалу
Қайыр ғош - Қайыр қош
Қақ пөлу – Қақ бөлу
Саптаяқ - Саптыаяқ
Сарауыз – Сары ауыз
Сегіз ғанат - Сегіз қанат
Тапсырма: а) сөздердің орфоэпиялық нормасын сақтап жаз;
б) сөздердің орфографиялық нормасын сақтап жаз;

Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу.
1. Фонетикалық екі ұғым,
Бірімен - бірі сыбайлас.
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі жазылады да көрінеді
(Дыбыс, әріп)

2. Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны жемек болсаң,
Он шақтысы еркін өтіп кетеді,
Қалғандары қақтығысып барып өтеді.
(Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

3. Оңға қарай оқысаң да бір халық,
Солға қарай оқысаң да бір халық.
Бір буыным – құс,
Бір буыным – түс.
(Қазақ)
Тапсырма: өнерпаз сөзіне фонологиялық сатылай кешенді талдау жасау.
Өнерпаз

1. аралас буынды сөз.
2. Ө - нер - паз
а. б. б. б.
3. Бір жағдайда тасымалданады
өнер - паз
4. Екпін - паз буынындағы - а дауысты дыбысына түседі
5. Өнерпаз ( )
6. дыбыс үндестігі

ІV. Білімді бекіту
1. Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөзді табыңыз:
А) жұлын
В) құман
С) жұлұн
2. Қай сөз орфографиялық нормаға сай жазылған?
А) Біріңғай
В) Жаңғожа
С) Жанпейіс
3. сөз бен қосымша арасындағы кейінді ықпалды табыңыз:
А) Менің қазақ тілін үйренгім келеді
В) Менің сұрағаным бола қоймады.
С) Су айнадай тап - таза екен.
4. Естілуі бойынша жазылған сөзді табыңыз
А) хайуан
В) тайаныш
С) жиналыс
5. Орфоэпия бойынша жазылған сөзді табыңыз:
А) күндүз
В) Сарыағаш
С) кемеңгер

V. Қорытынды:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: Ереже; 340, 341 - жаттығулар

Орфография — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Modern russian orthography.jpg

Орфография (грек orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Мұндай ережелер:

  • фонематикалық,
  • фонетикалық,
  • тарихи-дәстүрлі,
  • айырым принциптеріне негізделеді.

Фонематикалық принцип[өңдеу]

Фонематикалық принцип көп жағдайда морфологиялық принципке сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді.

  • Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес).

Фонетикалық принцип[өңдеу]

Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық принципке негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б.).

Тарихи-дәстүрлі принцип[өңдеу]

Тарихи-дәстүрлі принципжазу-сызуы бір графика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т.б.). Қазақ жазуында әліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл принцип сирек қолданылады.

Айырым принципі[өңдеу]

Айырым принципі бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде Орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады.

  • Мысалы, ақтаңдақ (сөз) – ақ таңдақ жер (сөз тіркесі). Сондай-ақ сөйлемнің басында тұрған сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен таңбаланады. Сөздерді тасымалдау ережесі қазақ Орфографиясында сөздің буын жүйесіне негізделген.[1][2][3][4][5][6]

Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін сақтау үшін басты екі принцип басшалаққа алынады олар:

  1. Морфологиялық принцип-әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшанаң тұлғасын сақтап жазу принципі.

Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай(кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды)

  1. Фонетикалық пиринцип-сөздердің естілу дағдысын сақтап жазу принципі.

Мысалы: тарағы (тарақы емес),Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Уәлиев Н., Алдашева А., Қазақ орфографиясындағы қиындықтар, А., 1988;
  2. ↑ Сыздық Р., Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000;
  3. ↑ Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі, А., 2001
  4. ↑ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9
  5. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
  6. ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *